Жаңа экипаж ағымдағы жылдың қазан айынан бері стансада жұмыс істеп жатқан ресейлік Максим Сураев пен американдық Джеффри Уильямсқа қосылады.
Стансаға жаңадан келгендерді үлкен жұмыс күтіп тұр. Атап айтқанда, олар үш американдық шаттлды қабылдаулары керек (олардан кейін АҚШ шаттлдарды пайдалануды тоқтатып, Халықаралық ғарыш стансасы американдық сегментінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр). Сондай-ақ, ресейлік екі «Прогресс» жүк кемесін қабылдаулары, халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіне шағын зерттеу модулін (МИМ-1) түйістіріп, оны жұмысқа дайындаулары, ашық ғарышта да бірнеше міндет атқарулары керек.