Бұл туралы облыс әкімінің қатысумен өткен селекторлық мәжілісте айтылды.
Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінгі күні ауданға 43250 шифер, 2100 шаршы метр профнастил, 20300 білте тақтайша, 7200 метр шатыр тіреуші, 3570 метр бөрене, 6000 келі шеге, 768 шаршы метр қара қағаз, 200 метр әйнек өз бағасында жеткізілді.
Бүгінде облыстағы барлық аудандар мен қалалардан мердігер компаниялар тартылып, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.