Бүгін апелляциялық алқа Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2015 жылғы 31 шілдедегі қаулысына адвокаттың жеке шағымы бойынша А. Тұматаевқа қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану мерзімін ұзарту туралы қолдаухатты қарады.
А. Тұматаев ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі «б» тармақшасында (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлкін иемдену немесе жұмсау) көзделген қылмыстық істі жасағаны үшін күдікті деп танылуда.
Қылмыстық іс жөніндегі апелляциялық алқаның шешімімен А. Тұматаевқа қатысты 2015 жылғы 3 қыркүйекке дейін қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы бірінші инстанция қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, адвокат шағымы қанағаттандырылмады.
Қаулы түпкілікті. Шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды.