Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов бүгін өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы елімізде халық саны 236,5 мың адамға яғни 1,4 пайызға өскен көрінеді.
Аталған мерзім аралығында республика халқының табиғи өсімі 237,9 (2011 жылдың сәйкес кезеңінде 227,6) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,2 (13,8) адамды құрап отыр.