Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті.
Сөз арасында Елбасы ғаламдық экономикадағы жағдайдың елімізге әсер ететінін, сондықтан ең басты қағидат - бәрін қамтитын прагматизм болуы керектігін атап өтті. Бұл ретте Президент алдағы уақытта қабылданатын барлық шешімдер барысында инвестицияның қайтымдылығы, елдің заңды мүддесі, бәсекелестіктің сақталуы ескерілуі тиістігін атап өтті.
«Жалпы бізге экономикалық статистиканың абстрактылы цифрларының өсуі емес, әр қалада, аудан мен ауылдардағы өмір деңгейінің жақсаруы керек. Бұл тек Үкіметке ғана емес, сонымен қатар барлық әкімдер мен барлық мемлекеттік органдарға да қатысы бар», - деді Н. Назарбаев.