деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс көлемінде жылу маусымы қазан айының 1-нен басталады. Бүгінгі таңда өңірдегі - 709 білім беру, 633 денсаулық сақтау нысаны мен 1579 тұрғын үй қыс маусымына толықтай әзірленіп, алдын ала тексерістен өткізілді. Қазіргі кезде 108,8 мың тонна көмір, 10506 тонна сұйық отын қоры жасалған, бұл айлық қажеттіліктің тиісінше 137 және 243 пайызын құрайды. Өңірде бу қазандықтарында, жылу және су құбырларында, кәріздік жүйелерде қысқа әзірлік жұмыстары толығымен аяқталған. Жаз айларында 44 коммуналдық тұрғын үй нысандарын қалпына келтіру мақсатына бюджеттен 2,9 миллиард теңге қаржы жұмсалды.