КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногор қаласында өртенген тұрғын үйден 20-дан астам адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, меншікті тілшіміз Аслан Оспанов хабарлады.
«Тілсіз жау сағат 08.10-да Степногор 4-ші шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен шықты. Үйден қауіпсіз жерге 21 адам, оның ішінде екі бала шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 бірлік арнайы өрт техникасы тартылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.