деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқармадан алынған мәліметтерге сәйкес, «Ауди-80» жеңіл көлігі Заводской бағытының 6-шы шақырымында кенеттен жолға шыға келген жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осының салдарынан көліктің руліне ие бола алмай қалған жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екінші «Аудимен» бетпе-бет соқтығысқан. Осы жол апатынан жолдан өту ережесін сақтамаған жүргіншімен бірге бес адам мерт болып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін «Атбасар-Шаңтөбе» тар табанды теміржол өткелінде пойыздың соңғы вагонына «Тойота» көлігі соқтығысып, 23 жасар қыз сол жерде көз жұмса, 28 жасар жүргізуші мен 21 жасар жолаушы ауыр дене жарақатын алған болатын.