Полицейлердің мәліметі бойынша, қарашаның 18-і күні Еңбекшілдер аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Степняк қаласының тұрғыны хабарласып, «Ауди-80» автокөлігінің қолды болғанын айтып, шағымданған.
Жедел-іздестіру шарасы барысында ұрланған көлік Степняк қаласындағы №1 орта мектеп ғимаратының маңынан табылды. Ал, көлікті айдап әкеткен күдікті кейін анықталып, қолға түсті.
Қазіргі кезде күдікті қылмысын толық мойындап, үстінен ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлімі (көлік айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған бап бойынша күдікті 1000 АЕК айыппұл төлеуі немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.