«Мемлекеттік шекара күзетіне әрқашан бірінші кезекте мән беріледі. Қазақстан азаматтары еліміздің шекараларын айбынды қорғаушылар - шекарашылар күзетіп жатқанын сезіне отырып, ел игілігі үшін алаңсыз жұмыс істей алады», - деп атап өтті СҚЖЖ штабының төрағасы Сапар Шалабаев.
Студенттердің бір жарым сағаттық бағдарламасы табысты өтті. «Ертіс жұлдыздарының» жауынгерлері шекарашыларға құрылыс және экология жасақтарының жұмысы, өздерінің облыс бойынша сапарлары туралы айтып берді. Биылғы жазда олар ауыл тұрғындарымен кездесуде Президент Н.Назарбаевтың «Жасыл Ел» бағдарламасын насихаттап, 17 концерт беріп үлгерді.