Су ресурстары комитетіне басшы болып Арман Тұрлыбек тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы болып Арман Тұрлыбек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арман Алашұлы 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген ұлты қазақ.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын«тауартанушы-комменсант» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан – Ресейуниверситетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы «экономика» мамандығыбойынша бітірді.
2014 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «электрэнергетик» мамандығы бойынша бітірді.
1993-1999 жылдар аралығында Сәтбаев қаласындабірқатар коммерциялық құрылымдардың басшысы болып жұмыс істеді.
1999 жылдың желтоқсанынан 2000 жылдың сәуірінедейін Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы болды;
2000 жылдың сәуір айынан бастап 2007 жылдың мамыраралығында – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары.
2007 мамыр айынан бастап 2008 жылдың сәуір айынадейін – «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті»ММ директоры.
2008 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдыңқыркүйек айына дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі лауазымынатқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2010 жылдыңмамыр айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2010 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдыңжелтоқсан айына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарыныңкеңесшісі.
2010 жылдың желтоқсан айынан бастап 2014 жылдыңқыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіМемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымынатқарды.
2014 жылдың 12 желтоқсан айынан бастап 2016 жылдыңшілде аралығында – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініңкеңесшісі.
2016 шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айынадейін – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.
2016 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың ақпанаралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі.

2019 жылдың ақпан айынан бастап 2019жылғы шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар