Оның айтуынша, тасқын кезеңі оңтүстік аймақтарда қаңтардың айының соңынан басталып, наурыздың басына дейін, ал қалған аймақтарда наурызда басталып, сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Республика бойынша су тасқыны кезеңі орта есеппен 4-5 айға созылады.
Көктемгі су тасқыны кезеңінің өтуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл ауа райы, қар қоры, нысандардың тасқын суларды өткізуге дайындығына байланысты.
«Ақпан айында «Қазгидромет» көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақтарды анықтау үшін ылғал қорының көлемі мен топырақтың қату тереңдігі туралы хабарлай бастайды. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде қауіпті гидрологиялық құбылыстарды уақтылы анықтау, гидротеникалық құрлыстар жағдайын бақылау үшін «Қазгидромет» деректерді алдын ала жіберетін болады, соның негізінде су қоймаларының жұмыс режимі түзетіледі», - деді Ербол Салықбаев.
Эфир барасында маман биылғы жылы да су тасқынының алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданғанына тоқталды.
«Қазіргі кезде ірі су қоймаларының жұмысы жоспарлы түрде келісілген режимде жүріп жатыр. Төтенше жағдай туындаған жағдайда қажетті құрылыс және басқа да инертті материалдар, қаптар қоры дайындалды, сондай-ақ тиісті арнайы техника дайындалды және жанар-жағармай әзірленді. Су тасқынынан өтуге осал объектілерге ерекше көңіл бөлінді», - деп атап өтті спикер.
Ербол Салықбаев бүгінгі күні «Қазсушар» РМК балансында республикалық меншіктегі 5749 су шаруашылығы және гидромелиоративтік нысан, оның ішінде 86 су қоймасы, 83 су торабы, 36 бөгет, 102 сорғы станциясы, 1 бас құрылыс, 3448 канал және басқа да су шаруашылығы нысандары бар екенін айтты.
«Барлық су қоймалары бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр және көктемгі су тасқынын қабылдауға арналған сыйымдылық қоры бар. Егер олар жобалық көлемге дейін толтырылып, үлкен тасқын сулар келген жағдайда, нысандар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті «Қазсушар» РМК бөлімінің басшысы.