Су және газбен қамтамасыз ету жүйелерінде полиэтилен құбырларды пайдалану «Іскер» ЖШС-ге 40 пайыз қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы мен «Іскер» ЖШС қысымы төмен полиэтилн құбырлар дайындайды.

Су және газбен қамтамасыз ету жүйелерін құру мен қайта жөндеуден өткізуді полиэтилен құбырлар арқылы жүргізу «Іскер» ЖШС-ге 40 пайыз қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады www.strategy2050.kz.

Құбырлар шаруашылық мақсаттағы және ішуге арналған суды сондай-ақ өзге де сұйықтықтар мен газтәріздес затттардың құбыр желілеріне арналған.

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қысымы төмен полиэтилен құбырлардың ерекшелігі оның ұзақмерзімге сақталатындығына байланысты. Ол тіпті көптеген талаптар бойынша темірдің өзінен мықты болып келеді. Кепілді қызмет мерзімі -50 жыл.

«Полиэтилен құбырлар катодты сақтандыруды қажет етпейді, сол себепті оны күтіп-баптаудың қажеті жоқ. Оның үстіне ол шірімейді әрі химиялық жағынан мығым. Оның ішкі жағынан да қоспалардың тұнып қалуына да жол берілмейді. Жылу жібермейді, жылу жоғалту мүмкіндігі төмен, сыртқы жағынан газды коденсаттардың да тұнуына мүмкіндік жоқ. Полиэтилен құбырдың көлемі тек оның ішіндегі сұйықтық қатып қалған жағдайда ғана өзгереді. Оның өзінде түбегейлі бұзылып кетпей, құбыр шамалы кеңейеді. Бірақ, іштегі сұйықтық ерігеннен кейін бірден қалпына келеді», - делінген хабарламада.

Құбырдың өзінің жалғанатын мүмкіндіктері оған жұмсалатын қаржының 40 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді, және оны орнату да оңай әрі көп уақыт шығындауды қажет етпейді.

«Полиэтилен құбырлар метал құбырлардан әлдеқайда ұзын, сол себепті оның жалғанатын жерлері де аз болады. Осы үлгіні қолдану су және газбен қамтамасыз ету жүйелерінде дәстүрлі әдістерге қарағанда, қаржыны 40 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді «Астана-жаңа қала» АЭА мамандары.

Құбырлардың салмағының жеңілдігі монтаж жұмыстарының да жеңіл жүруіне мүмкіндік береді. Әсіресе тар бөлмелерде үлкен техникалар қажет болатын болса, полиэтиленді ондай техникалардың көмегінсіз-ақ орната беруге болады. Ал көлікпен полиэтилен құбырды болат құбырға қарағанда 5-7 есеге көп тасымалдауға болады.