Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ұлттық зияткерлік меншік институты түрлі жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың өкілдерінен құралған 200 үміткер арасында 6 адамды жеңімпаз ретінде таныған.
10-шы мерейтойлық «Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша марапаттау салтанаты VI АЭФ «Зияткерлік меншікті ғаламтор жүйесінде қорғау: проблемалары мен болашағы» панельді сессиясы жұмысының аясында өтті.
Еліміздегі тұңғыш өнертапқыш әйел химия ғылымдарының докторы, профессор Сұлукен Рахмадиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті биорганикалық химия ғылыми-зерттеу зертханасының директоры қызметін атқаруда. Ол 250-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, ҚР-дің 32 патентін және КСРО авторлық куәліктерінің, тауар белгісі куәліктерінің, жаңа дәрі-дәрмектердің тіркеу куәліктерінің, өндірістегі өнеркәсіптік регламенттердің иегері.