деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің Ата Заңы - Конституция күніне орайластырыла өткізілген күштілер мен ептілер байқауына өңірдің әр ауданынан 15 команда қатысып, бақ сынасқан болатын. Үш күн бойы «Дашенька» балалар сауықтыру орталығында жеткіншектер салтанатты сапта жүру, «Сарбаз жұлдызы», «Жауынгерді сынау», «Қауіпті алаң», «Жас барлаушы» бағдарламалары бойынша сайысқа түсті. Іс-шара «Менің Отаным - Қазақстан» кешімен жалғасты. Қазылар алқасының ұйғарымымен екінші орынға Көкшетау қаласының командасы иелік етсе, үшінші сатыға - Астрахан ауданының патриоттары көтерілді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.