Супермен туралы алғашқы комикс рекордтық сома - 1,5 миллион долларға сатылды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Американдық бұқаралық мәдениеттің танымал кейіпкері Суперменнің басынан кешкендері туралы комикстер кітабы өзі сияқты басылымдар үшін кезекті баға рекордын орнатты.

Интернет-аукционда комикстер кітабы 1,5 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Агенттіктің ақпараты бойынша, бұл рекордтық сома АҚШ-тың кітап сөрелерінде 1938 жылдың маусым айында пайда болған және небәрі 10 цент қана тұрған Супермен туралы комикстің алғашқы басылымы үшін беріліп отыр.

Ақпан айында осы басылымның тағы бір данасы аукционда 1 миллион долларға сатылса, бірер күннен кейін белгісіз коллекционер танымал басқа кейіпкер - Бэтмен туралы комикстің алғашқы басылымын 1 миллион 75 мың долларға сатып алған болатын.