Сургутте Боинг-737 есігінің ақауынан ұша алмады

АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Ресейдың Сургут қаласында (Ханты-Мансы автономды округы - Югра) бортында 66 жолаушы және алты экипажы бар Боинг-737 есігінің ақауынан ұша алмады,

ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

 «Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 5.50-де Сургуттағы әуежайда Боинг-737 ұшағы бортына жолаушыларды мінгізгеннен кейін әуе кемесінен жылжымалы сатыны алу кезінде сол жағындағы есігі зақымданып, соның салдарынан ұшық жерден көтеріле алмады», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.

 Оның айтуынша, ұшақ «Домодедово - Сургут - Домодедово» бағыты бойынша ұшуды орындаған.