31 мамыр күні Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында 2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасын түсіндіру аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің көшпелі жиыны өтті.
АШМ мәліметінше, «Манат» шаруа қожалығының басшысына төлдейтін ірі қара мал сатып алу үшін алғашқы несиелік чек тапсырылды. Фермер 23 390 000 теңге көлемінде алған несиеге отарлы жайылымға мал және жем дайындайтын техника сатып алуды жоспарлауда.
Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасына сәйкес «Сыбаға» және «Алтын асық» несие беру бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолжетімді несиемен қамтамасыз етуде.
Соңғы қарыз алушы үшін субсидияны ескере отырып қарыз бойынша несиелеу мөлшерлемесі 4% құрайды, қаржыландыру мерзімі - 15 жыл. Осылайша, фермер несие серіктестігі (НС), шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) және өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО) арқылы немесе тікелей «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бөлімшелері арқылы төлдейтін ІҚМ мен қой сатып алуға жеңілдетілген несие алады.
Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес фермерлік шаруашылықтар өндіріс үлгісінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жер және несие беру ең үздік фермерлер негізінде таңдалып алынады.
Асыл тұқымды малдардың генетикасын пайдалану және мал шаруашылығындағы тұқымдарды жақсарту негізгі шарт болып табылады. Суармалы жерлердегі жемшөп өндірісі бордақылау алаңдарына шоғырланатын болады. Бұдан өзге, өнімді тікелей бордақылау алаңдарына тапсырған жағдайда фермерге 1 кг тірі салмағына 200 теңге мөлшерінде мемлекеттен қосымша ақы төленеді.
Қарызға берілген қаражаттар фермерлерге тек ірі қара мал мен қойдың асыл тұқымын сатып алуға ғана емес, сондай-ақ қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік береді.
Жаңа бағдарламада қарыз алушыға кепілдікті қамтамасыз ету үшін бейілді режимде жұмыс жасайды, кепілді қамтамасыз етудің құны төмен болған жағдайда, қарыз алушы «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдігін қарыз сомасынан 85% мөлшерінде пайдалана алады.
Бүгінде Қазақстан жайылым аумағы бойынша әлемде бесінші орында, оның аумағының 30 проценті ғана қолданылады. 2007 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы елімізде сиыр етін тұтыну 7% артты, өндіріс 17% дейін өсті. Сонымен бірге қозы етіне да осындай жағдай: қозы етіне сұраныс 22% артып, өндіріс 24% дейін өсті. Қазақстан сиыр еті мен қозы еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастады, малдың санын көбейту арқылы ет түрлерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ұмтылуда.