Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үштен бірі мемлекеттік сатып алулармен байланысты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында жүргізілген прокурорлық тексерулер мен сыбайлас жемқорлық фактілеріне жасалған талдаудың қорытындысы бойынша, сыбайластық қылмыстардың ең үлкен үлесі, яғни 40 пайызға жуығы - мемлекеттік сатып алулар барысында жеке және заңды тұлғаларға заңсыз қолдаулар көрсетуге тиіп отыр.

ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады. Атап айтқанда, прокуратураның ұсынысы бойынша Меркі ауданының Екпінді ауылындағы мектеп құрылысы, сондай-ақ Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылындағы су құбыры желісінің құрылысы бойынша өткен жалпы сомасы 381 миллион теңгенің сатып алу конкурстарының қорытындыларының күші жойылды. Конкурсқа қатысушыларға «бүйректері бұрған» облыстық құрылыс бақсармасы бастығының орынбасары Ж.Құралбаев пен Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Б.Бейсебаев жауапқа тартылып отыр.