Сыбайлас жемқорлықпен табысты күресуге болады - «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі А.Бахралинов

ПАВЛОДАР. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Елбасы Жолдауында көтерілген маңызды тақырыптардың бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», деп атап көрсетті «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі Асқар Бахралинов жаңа саяси құжатқа қатысты берген түсіндірмесінде.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жемқорлықпен жүргізіліп жатқан күреске әлемдік ең қатаң стандарттарға сай келетін заңнама нормаларына негізделген мәмілесіз күрес ретінде баға берді. Елбасы «соңғы екі жылда республикалық деңгейде 40-тан астам басшының, облыстық және қалалық деңгейлерде 250-ден астам лауазымды тұлғаның, оның ішінде 39 әкім мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапқа тартылғанын атап көрсетті.

Бұл демократиялық құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның даму деңгейінің бір көрсеткіші.

Үш жылда еліміз «Интернейшнл Транспаренси» қорының әлемдік жемқорлыққа қарсы рейтингіндегі көрсеткішін 45 бағамға жақсартты. Бұл индекс бойынша Қазақстан ТМД аясында көш алдында.

Елбасы жемқорлықпен күресудің басымдықты мәселе екенін дәл анықтады. Онсыз елдің дамуы мүмкін емес, ұлттық қауіпсіздікке, адамдардың әлеуметтік қорғалуына қауіп-қатер төнеді.

Қазақстандық қоғамның саламаттық күштерінің басын біріктіріп отырған «Нұр Отанның» аймақтық партиялық құрылымдары осы күрестің флагманы бола алады. Бұл жұмыс жергілікті партиялардың бақылауында және олар Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға бар күш-жігерлерін салады. Бұл біздің азаматтық, патриоттық және партиялық парызымыз», дейді А.Бахралинов.