Сыртқы қаржы бақылауды жүзеге асыру мәселелері Қарағандыдағы семинар-кеңесте талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда сыртқы мемлекеттік қаржы бақылау органдарының қызметтерін жергілікті деңгейде ұйымдастыру мәселелері жөнінде еліміздегі бірқатар заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар-кеңес болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин мен Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев қатысты. «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы басты тапсырмасының бірі, бюджеттің барлық шығыс бөлігін қатаң үнемдеу және қаржы тәртібін қатал орындау. Өздеріңіз білетіндей, Қарағанды облысында «Жол картасын» қоса есептегенде әлеуметтік маңызды жобаларды орындау мақсатына арнап 12 млрд. теңге бөлу көзделген. Бұл аз қаражат емес және олардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде бақылау жасау қажет», - деді Н.Нығматуллин.Аталған жобаны жүзеге асыруға елімізде тұңғыш рет жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен қатар мәслихаттар тартылатын болады, ал бөлінген қаржының жұмсалуын олардың тексеру комиссиясы бақылайды, өйткені, еліміздің жаңа Бюджеттік кодексінде жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы бақылауды солар жүргізеді деп көрсетілген, деді облыс әкімі. Осыған байланысты аймақта қосымша штаттық бірлестіктер бөлініп, аталған комиссия құрылады. «Бүгінде Қарағанды облысы ? әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген көрсеткіштері бойынша алда келе жатқан ірі өнеркәсіптік аймақ», - деп атап өтті О.Өксікбаев.