ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында төрт бірдей жас маманға жаңа пәтер кілттері табыс етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес тұрғын үйлер салынып, түрлі әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл - соның бір көрінісі. Жымпитыда бұл екі пәтерлі қос бірдей коммуналдық үйге үш жас дәрігер мен мәдениет қызметкері орналасты. Индира Семенова, Мәншүк Құрмашева, Айгүл Қабденова, Армат Алдамжаровқа сондай-ақ құны 290 мың теңге болатын әлеуметтік қоржындар да тапсырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).