деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сноуборд қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, шара спорттың экстремалды түрлерін дамыту, үздік спортшыларды анықтау, сноубордқа мемлекет назарын аудару мақсатында өткізілді. 3 кезең бойынша өткен жарысқа 20-дан астам спортшы қатысты. Сайыс барысында олардың биіктікке секіруі, секіріс кезіндегі айналып өнер көрсету шеберлігі, жерге түсудегі шеберлігі бағаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спортшылар келесі жылы өтетін қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады.