мәслихат депутаттарының, табиғи монополия субъектілері мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен бүгін кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Алқа отырысына қатысушылар өткен жылғы жұмыстардың қорытындысы мен ағымдағы жылдың міндеттерін талқылады.
Департамент директорының орынбасары Азамат Аужановтың айтуынша, «департамент қызметінің негізгі бағыты - инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын арттыру, электр қуаты мен су тұтынымын үнемдеу, тарифтерді саралау үдерісін әрі қарай тереңдету, нормадан тыс шығындарға жол бермеу, шикізаттар мен материалдардың шығыс нормаларын оңтайландыру». Департамент мамандары сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің өз мойындарына алған инвестициялық міндеттемелерінің орындалуын қадағаламақ.
Қостанай облысында табиғи монополия субъектілерінің өтініштерін қараудың нәтижесінде шығыстарды азайту есебінен 4,2 миллиард теңге сома үнемделді. Электр қуатына сараланған тарифтер енгізудің нәтижесінде де 8,86 миллион теңге үнемделді. Ал есептеу құралдарымен жарақталудың деңгейі: суық суды есептеуде - 96,5 пайызды, ыстық суды есептеуде - 92.6 пайызды, жылуды есептеуде 54,5 пайызды құрап отыр.
Нормативтік және нормадан тыс шығыстарды азайтудың есебінен 2010 жылы 154,4 миллион теңге үнемделген, оның ішінде 94,4 миллион теңге - жылумен жабдықтау саласында, 37,5 миллион теңге - сумен жабдықтау саласында, 22, 5 миллион теңге электрмен жабдықтау саласында үнемделіп отыр.