Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облыстық департаментінде бұқаралық тыңдау өтті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облыстық департаментінде жамбылдық монополистер үшін нормативтік техникалық шығындарды бекіту өтінімдерін қарау мәселесі бойынша бұқаралық тыңдау өтті.

ҚазАқпаратқа бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұқаралық тыңдауға «Атамекен» Одағы» Ұлттық палатасы филиалының, «Қазақэнергосараптама» мекемесінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Департамент директорының орынбасары Алма Қыпшақбаеваның айтуынша, «Жамбыл энергетикалық желісі» ЖШС электр энергиясын тарату қызметі бойынша 2010-2012 жылдарға өтінім берсе, «София» ЖШС жылу энергиясы бойынша 2009 жылға өтінім беріп отыр. «Жамбыл энергетикалық желісі» ЖШС 2010 жылға нормативтік техникалық шығындарды 19,04 пайыз мөлшерінде бекітуге (қазіргі деңгейде), 2011 жылға ? 19,08 пайыз деңгейде, 2012 жылға ? 19,1 пайыз деңгейде бекітуге материалдар ұсынса, «София» ЖШС нормативтік техникалық шығындардың қазіргі 28,1 пайыздан 26,73 пайызға төмендетуге өтінім беріп отыр. «Желілердегі шығындарды төмендету Елбасы өз Жолдауында қазақстандық қоғамды үндеп отырған энергия үнемдеудің маңызды сипаттарының бірі болып табылады. Біздің Департамент осы бағытта біраз жұмыс атқарып отыр. Өткен 2008 жылы жамбылдық табиғи монополистерден нормативтік техникалық шығындарды қайта қарауға 15 өтінім түскен болатын. Олардың 9-ы бекітілді, оның ішінде бесеуі ? төмендету үрдісімен бекітілді, екі өтінім ? қайтарып алынды, үшеуіне - өзгертуге рұқсат берілген жоқ, бір өтініш қаралып жатыр», - деп атап көрсетті А.Қыпшақбаева.