АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында Алматы - Өскемен автожолының Алматы облысының шекарасы - Таскескен (615-683 км) учаскесінде шектеу алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
11:03-тегі жағдай бойынша Ақмола облысында Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының Қоянды - Павлодар облысының шекарасы (16-205 км) учаскесінде шектеу алынып тасталды.
Сағат 11:05-тегі жағдай бойынша Павлодар облысында барлық бағыттарда шектеу алынып тасталды.