деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Бас прокурор ұшқыштарға қатысты қылмыстық іс қозғамау туралы үкім қабылдағаннан кейін олар бостандыққа шығарылып отыр.
Бортында заңсыз қару-жарақ жүгі болған Ил-76 ұшағы Солтүстік Кореядан ұшып келе жатқан жолда Бангкок әуежайына май құюға аялдаған болатын. Содан бері, яғни 2009 жылы желтоқсанның 22-сінен бері ұшқыштар қамауда отырып келді. Қазіргі таңда оларды елдеріне қайтару амалы басталуда.
Қазақстанның Тайландтағы дипломатиялық миссиясы мен құзырлы органдардың мәліметтері бойынша, Бангкокта ұсталған 4L-AWA нөмірлі Ил-76 ұшағы Грузияның «Айр Вест Джорджиа ЛТД» компаниясының атына тіркелген. Аталмыш ұшақты жаңазеландиялық «СП Трейдинг ЛТД» компаниясы жүк тасымалдау үшін жалға алған. Ұшақтың экипажындағы 4 қазақстандық пен беларустық 1 азаматты «Айр Вест ЛТД» компаниясы ұшақта қызмет көрсету үшін жалдаған және бұл шара халықаралық нормаларға сәйкес.