Талдықорған бойынша Жол картасы аясында 3 миллиард теңге соманың 49 жобасы бекітілді

ДЫҚОРҒАН. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қалалық әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде екі мәселе: Жол картасының жүзеге асырылу барысы мен облыс орталығының коммуналдық саласында орын алып жатқан өзгерістер сөз болды.

Қала әкімі Сәкен  Жылқыайдаровтың айтуынша, Талдықорған    бойынша  3 миллиардтай теңге соманың   49 жобасынан тұратын тізім  бекітіліп,   соның аясында  4660  жаңа жұмыс орнын   құру  қарастырылған.   Облыстық   бюджет қаражатының есебінен білім беру,  денсаулық сақтау, спорт   мекемелерінің  жобалары  жүзеге асырылуда,   сондай-ақ     қала маңындағы    елді мекендермен  арадағы     жолдар  жөнделуде. Қалалық бюджеттің есебінен қаржыландырылып  отырған  қалған    жобалардың    қатарында   жылу,  су  және газбен   жабдықтау    нысандарын,    мектептер мен балабақшаларды   жөндеу  және   жаңарту   жұмыстары,    көшелер  мен  ауруларды абаттандыру   шаралары   бар.

Бүгінгі күні  жалпы  жұмыстың   42 пайыздан  астамы  орындалып  бітті,   1,2  миллиард теңге игерілді.   Сондай-ақ    4 мыңнан астам жұмыссыз  жұмыспен қамтылды,  оның ішінде «Жол  бағдарламасы» бойынша 3 мыңдай адам  қамтылып  отыр.  Бұл көрсеткіштер  көңілге   сенім ұялатып  отыр,   бірақ  босаңсуға болмайды.  Жасалып отырған  базис -    келешектегі  қызу  тірліктің бастамасы, - деді  қала әкімі  өз сөзінде.