Бұл мерекеде балалардың қуанышын облыс әкімі Серік Үмбетов бөлісті. Ол бөбектерге үй кинотеатры мен музыкалық орталықты сыйға тартты.
Балалар өз кезегінде әкімге мерекелік концерт қойды. Мерекелік шара мәдениет және спорт қайраткерлерімен кездесумен аяқталды.
Алматы облысында бүгінде үш балалар үйі, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп, отбасылық үлгідегі 5 балалар үйі жұмыс істейді, оларда 600 бала қамтылған.