Талдықорған туған күнін атап өтеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазанның 3-і күні Талдықорғанда Қала күніне арналған мерекелік шаралар өтеді.

Талдықорған  әкімі Сәкен  Жылқыайдаров  хабарлағандай,     биыл Талдықорғанның     іргесінің  қаланғанына - 140   жыл.    Қала күні    айрықша  салтанатпен  атап   өтілгелі  отыр.       Мерекелік  шаралар  орталық алаңда,  мәдениет және демалыс саябағында,  аквапаркте, Қаратал өзенінің   жағалауында, Достық сарайында,  І.Жансүгіров  атындағы   және  «Жетісу» стадиондарында,   басқа да   халық көп жиналатын орындарда      өтеді.

 Қала күні аясында сондай-ақ,    облыс орталығындағы кәсіпорындардың     тауарлық көрмесі,    жас дарындардың     байқауы,   фотокөрме,  т.б.   көптеген   қызықты  шаралар    жоспарланған.