Талдықорғанда 400 тал егілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркінде 400 түп ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлады zhetysu.gov.kz.

Ондағы көшеттердің негізгі бөлігін қарағай, тянь-шань шыршасы мен көк шырша ағаштары құрайды. Аталған шараға облыстың барлық ауданы мен қалаларынан келген өкілдер үлес қосты.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, болашақта «Жастар» паркі қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі болмақ. Әкім жиналған қауымға парктің жоба-жоспарын көрсетті.