Сондай-ақ қаланың кішкентай тұрғындарына "Балдәурен - 2015" балалар байқауы финалистерінің концерті ұйымдастырылды. Оған мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері мен мектеп оқушылары қатысты.
Тәуелсіздік көшесінде "Қызықты старт" конкурсы ұйымдастырылды. Орталық саябақта жиналған балаларды Талдықорған әкімі Ермек Алпысов құттықтады. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел айтуынша, Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуге атқарушы билік органдарымен бірге азаматтар мен кәсіпкерлер үлес қосқан. Атап айтқанда, Талдықорғанның орталық саябағында балалар үшін 2 мың балмұздақ тегін таратылды. Сонымен бірге мұнда бүлдіршіндер диаметрі 3 метрден асатын пиццадан дәм татты.