Жергілікті құмар ойындары өткізілетін ойындарға рейд жасаған кезінде Талдықорған қалалық прокуратурасының қызметкерлері бес ойын залын тапты. Ондағы ойын автоматтары ақшаға жұмыс істеген. Дәлірек айтқанда, залдардың меңгерушілері ойын жеңімпаздарын түрлі сыйлықтармен ынталандырып отырған.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы автоматтарды алу туралы қаулы шығарды. Қалалық соттың қаулысымен фирманың екі басшысына әрқайсысы 300 айлық есептік көрсеткіш айып салынды. Тағы үш материал соттың қарауында жатыр.