Өртті ауыздықтауға аталған ұйымның Алматы облыстық өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 5 техникасы қамтылды. Жалын шарпыған аумақ 30 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан күйік шалған 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.
10:49, 09 Қазан 2013
Талдықорғанда бесінші қабаттағы пәтерде газ жарылды
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талдықорған қаласында «Жастар» шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында газ жарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.