Талдықорғанда екі облыстағы ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» болып өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 8 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғандағы демократияға көмектесу аймақтық орталығының бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық қоғам альянсымен бірлесе отырып «Президенттің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндірудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш іс-шара ҚР мәдениет министрлігінің қолдауымен өтіп, Жолдауды насихаттау бойныша кең ауқыммен ұйымдастырылып отырған іс-шаралардың алғашқысы.

«Дөңгелек үстелдің» отырысына мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында «Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімділігі» тақырыбында Алматы облысындағы қалалар мен аудандарда пікірсайыс турнирлерін өткізу және Жетісу жастары арасында «Жаңы мыңжылдықтағы Қазақстан» ұранымен шығармашылық байқау ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.