Үйлер республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарға салынды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Шығыс» Шекара қызметі аймақтық басқармасының бастығы Наиль Алдаев қатысты.
Ол ҚР мемлекеттік шекарасын қорғаудағы жоғары кәсіби қызметті атап өтіп, жаңадан қоныстанушыларға жаңа үйлерде отбасылық бақыт тіледі.
Бұдан басқа, әскери қызметкерлердің отбасылары үшін республикалық бюджеттен тағы төрт жаңа үй салынды. Бұл Өскемен, Ақтөбе және Оралдағы үш 60 пәтерлік үйлер, жақында Павлодардағы 75 пәтерлік үй пайдалануға беріледі.