Талдықорғанда өтетін күрес турнирі Социалистік Еңбек Ері З.Тамшыбаеваны еске алуға арналатын болады

ЛДЫҚОРҒАН. 7 қазан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Сенбі күні Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде жастар арасындағы еркін және қыздар күресінен республикалық турнир өтетін болады.

Турнир Социалистік Еңбек Ері Злиха Тамшыбаеваны еске алуға арналады. Жарыстың салтанатты ашылуы ертең, 8 қазан күні сағат 11.30-да өтеді.