Талдықорғанда «Жастар ? ел болашағы» атты жастар мәдени-бұқаралық шараларының ашылуы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің бастамасымен Талдықорғанда «Жастар – ел болашағы» атты мәдени-бұқаралық шаралардың ашылуы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл шаралар мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Оған Талдықорғандағы барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындары қатысады. Қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың айтуынша, оның мақсаты ? жалпы білім беретін мектептердің түлектерін қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы кәсіптік бағдармен таныстыру. Жастар мәдени-бұқаралық шаралары ашылуында студенттер әзірлеген концерт қойылды. Сонымен қатар жастар мерекесі аясында студенттер «Жастар ЖҚТБ-ға қарсы!» акциясын өткізді.