Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалық акцияның мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын нығайту, деп атап өтті.
«Жастар соғыс ардагерлерінің батырлығын және тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын құрметтейді және еске алып отырады», - деді ол.
Акция барысында «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және басқа да қаланың шығармашыл ұжымдарының орындауында соғыс жылдарының әндері мен сүйікті әуендері шырқалды. Сонымен бірге, ардагерлер үшін шахмат турнирі ұйымдастырылды, сондай-ақ дәстүрлі сарбаз ботқасымен мерекелік дастарқан жайылды.