Ол шараға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысып, сөз сөйледі.
Жолдауды қолдаған форумға облыстың 2 мыңнан астам тұрғыны, атап айтқанда соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшылары, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, этномәдени орталықтардың басшылары және т.б. қатысты.