Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалада қажетті отын қоры бар. «Талдықорғанжылусервис» сақтау қоймасының өзінде 30 мыңнан астам тонна көмір сақталуда.
Жылу беру маусымына дайындық кезінде инженерлік желілер мен жылу трассалары ерекше бақылауда болған.
Алдағы күндері «Өркен» спорт кешенінің жанында орналасқан №3 қазандық та іске қосылады, сол арқылы қалалық жылу кешеніне түсетін салмақ та азаймақ.