Бірінші болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев құттықтау сөз сөйледі, ол өз сөзінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асыруға қосқан ауқымды үлесіне тоқталды.
Салтанатты рәсімнің соңында әкімнің орынбасары өңір басшысының атынан ерекше еңбегімен көрінген медицина қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады. Дәстүрлі түрде «Үздік ауылдық амбулатория», «Үздік денсаулық сақтау мекемесі» номинациялары бойынша облыстық байқау жеңімпаздарының есімдері аталды, басқа да жеңімпаздар ақшалай сыйақы алды.
«Жылдың үздік дәрігері» аталымы бойынша Талдықорған қаласы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің хирургі Ақатбек Матбаев жеңімпаз атанды, ол 29 жыл денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етіп келеді. Оған жаңа Nissan Almera көлігінің кілті тапсырылды.