Талдықорған полициясына «Қызыл тас» саяжай қоғамының екі тұрғыны хабарласып, жалпы білім беретін мектептердің бірінде 3-інші сыныпта оқитын балалардың жоғалып кеткендігі туралы айтқан. Полицейлердің күшімен екі оқушы таңға жуық табылды.
Іздестіру жұмыстары саяжай тұрғын алқабын Қаратал өзені кесіп жатқандығымен қиындады, оның жағалауына қалың көшеттер өсіп кеткен. Онымен қоса, түнгі аяздан балаларды үсік шалуы мүмкін еді. Дабыл бойынша аяққа тұрғызылған қалалық полицияның жеке құрамы аймақты тінту барысында балаларды көрші орналасқан саяжай қоғамындағы қараусыз қалған үйлердің бірінен тапты.
Қазіргі уақытта екі жеткіншек те ата-аналарына қайтарылды және медициналық бақылауға алынды.