Талғат Әбдіжаппаров «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының жаңа орынбасары болып партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров бекітілді.

 Бұл шешім 16 наурызда Астанада партияның Орталық кеңесінің отырысында қабылданды, деп хабарлады «Ақ жол» баспасөз қызметі.

 Жаңа орынбасар партиялық жаңғырту, парламенттік фракция мен Орталық аппараттың және өңірлік филиалдардың қызметін үйлестіру мәселелерімен айналыспақ. Партия төрағасы Азат Перуашевтің сөзінше, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның демократиялық партиясы өзін беделді, белсенді әрі толыққанды саяси күш ретінде көрсетті. Осы орайда ол жаңа тағайындау жаңғырту қарқынын арттыруға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

 Т. Әбдіжаппаров үйленген, үш баласы бар. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты.