Талғат Қалиев 1973 жылы СҚО, Ақжар ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Бостандық» мекемесінде қауіпсіздік техникасы бойынша инженер болып бастаған.
2000-2004 жж. «Новое поколение» ЖШС-нде газеттің меншікті тілшісі, тілшілер бөлімінің бастығы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2004-2006 жж. «Қазақстан» РТРК« АҚ - «Астана« телерадиоорталығы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын, «Казтрансойл« АҚ баспасөз қызметін басқарды.
2006-2007 жж. - «Новое поколение« ЖШС бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды.
2007-2008 жж. - ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.
008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде кеңесші, 2008-2009 жж. - «Нұр Отан« ХДП төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2009-2017 жж. «Еуразиялық перспективалық проблемаларды зерттеу орталығы« ЖШС-ін басқарды.
2017-2019 жж. «Жастар« ҒЗИ» ЖШС-нің директоры болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін басқарды.
27 мамырдан бастап - «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры болып тағайындалды.