деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Беларус, АҚШ, Италия, Финляндия елдерінен келіп қатысқан 220-ға тарта спортшының арасынан еліміздің құрлық әскерінде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген сержант Виталий Диденко мен Владислав Третьяков 1 орын иеленді. Владимир Кресс 3 орынды місе тұтты.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Ресейдің спортшыларын алға жіберіп, жалпы командалық есеп бойынша екінші орынға ие болды.
«Бұл сіздердің аянбай төккен тер мен дайындыққа сарпыған үлкен күштеріңе берілген өтеу. Еңбектеріңнің жемісі. Мен құрлық әскерінің қатарынан шыққан осындай намысты да, мығым жігіттердің шыққанына мақтан етемін. Әлемнің 16 елінен жиналған 200 спортшының арасынан жеңімпаз атану арқылы сіздер Қазақстан Республикасының және әскерінің намысын қатысушы мемлекеттердің алдында асқақтаттыңдар», деді С. Жасұзақов құттықтау сөзінде.