«Ол супержұлдыз болады. Ол миллиондаған долларға қол жеткізеді және адам сенгісіз талант иесі. Данияр жұлдызға айналады, ол Ұлыбритания нарығына шығады, қазірдің өзінде АҚШ-қа шықты, Қазақстанда кеңінен танымал. Біз географияны кеңейтуді жалғастыра береміз», - деді Хирн.
Елеусінов кәсіби бокстағы өзінің екінші айқасын Лондонда (Ұлыбритания) өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен венгрияық боксшы Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.
Қазақстандықтың үшінші жекпе-жегі 28 шілдеде Лондонда өтеді. Оның қарсыласының кім екендігі кейінірек жарияланады.