Танымал жазушылар емтиханды үшке тапсырды

АСТАНА.  Қарашаның  13-і.  ҚазАқпарат - Өзінің  шешендігімен  танымал  Уинстон  Черчиль және   Эрнест Хемингуэй мен  Уильям Голдинг сияқты    ағылшын  прозасының   шеберлері  Ұлыбританияда  енгізілген ағылшын  тілі  бойынша

емтиханның  жаңа компьютерлендірген  жүйесі  бойынша   орташадан  төмен баға алған болар еді,  деп хабарлайды "GZT.ru"   басылымы.

Онлайн режимде мәтіндердің ағылшын тіліндегі  сауаттылығын   тексеретін жаңа жүйе,   Черчильдің    жаумен  жағажайда күресу керектігі  туралы ("fight them on the beach")  үндеуі    оның сөздерінде жиі  қайталанатынын   және оның стилистика ережелеріне сәйкес келмейтінін    анықтап  отыр.

Жүйе сондай-ақ,  Эрнест  Хэмингуэйдің  «спартандық»  стилін де  ықшамды  тіліне    байланысты  орташадан төмен     бағалап отыр.     Ал  Энтони  Берджестің  «Бұрандалы   апельсин» («Clockwork Orange»)    туындысын  компьютер      тіпті  мәтін деп    қабылдамаған.