ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен Г.Кузнецова ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігі «б» тармағына сәйкес (аса ірі көлемде жасалған алаяқтық) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, Ақсай қаласында тұрған аталған әйел 2007 жылы ақпаннан қарашаға дейін, 2012 және 2013 жылдары өзінің таныстарынан келісілген мерзімге ірі көлемде ақша алып отырған. Алайда айтқан уақытында қаржыны қайтармаған. Сөйтіп оларға 21 млн. астам теңге залал келтірген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).