«Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылдың 4 мамырынан 5 мамырына қараған түні сотталушы Б.Қасымбаев спирттік ішімдік ішіп алған мас халде жәбірленуші В.Сансызбаевпен ерегісіп қалады.
Содан сотталушы Б.Қасымбаев жәбірленуші В.Сансызбаевқа кек сақтап, ойында оны өлтіру ниеті пайда болған. Осы ниетін іске асыру мақсатында Б.Қасымбаев үйінен асханалық пышақ алып шығып жәбірленуші В.Сансызбаевты пышақтап өлтіреді», - деп жазылған хабарламада.
Соттың үкімімен Б.Қасымбаев тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енбеген.